Дыбысты күшейтуге арналған жүйелер дәрісхананың көлеміне қарамайды, қатысушыларға сөлеушілердің дыбыс деңгейін тең дәрежеде тыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, залда ілеспе аударма жүйесін қолданған кезде дыбысты жабдық қажет – аудармашыларға құлаққап арқылы залда орнатылған микрофондардан дыбыс белгілерін естулері керек, әйтпесе ілеспе аударма жасау мүмкін болмайды.

Егер іскерлік іс-шаралар туралы айтатын болсақ, дыбысты күшейтуге арналған жабдық оратордың сөзін күшейту мақсатында қолданылады. Дыбыстық жабдықты жалға алу және дыбысты күшейтуге арналған жүйені қолдану – іс-шараның көрермендеріне/қатысушыларына ақпаратты жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Сол себепті, тапсырыс беру кезінде алаңның сипаттамасын, қатысушылардың орналасу түрін, төралқаның орналасуын анық айту қажет. Іскерлік іс-шаралардағы дыбысты күшейтуге арналған жүйеге деген ең басты талап – баяндаманың анық әрі түсінікті болуы, бөлме ішінде дыбыстық қысымның біркелкі тарауы. Дыбыстың қаттылығы маңызды емес. Егер қатысушылар ол жүйенің барын мүлде байқамайтын болса, бұл жүйені ең үздік деп атауға болады. Баяндамашы сахнада, оның дауысы таза әрі анық, және бәріне естілулі.

Конференцияларды, форумдарды, семинарларды және іскерлік кездесулерді микрофонсыз өткізуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Тар бағытты микрофондар сәнді техникалық жаңалықтан ірі іс-шараларды сәтті өткізуге арналған қажетті жабдыққа айналған. Қарапайым микрофоннан айырмашылығы - сөйлеушінің қолын босатуына көмек беретіндігі. Осыған қоса, тар бағытты микрофондардың тасымалдайтын дыбыстарының сапасы сезімтал сенсорлардың арқасында қарапайым микрофондарға қарағанда жоғары.

Конференцияға арналған микрофон – үстел үстіне орнатылған немесе иілгіш ұстағышқа бекітілген көлемі кіші жабдық. Оның міндеті – сөйлеушінің дауысын анық жеткізу. Бөгде дыбыстарды елемей, тек дауысты ғана таратады. Сапасы жақсы микрофонның кедергілерге және ұялы телефондардың немесе кеңсе жиһаздарының дыбыстарына сезімталдығы төмен, эргономикалық, стильді және шағын, сонымен қатар, құрылымы берік болуы қажет.