Ілеспе аудармаға арналған жабдықтар ілеспе аудармашының техникалық мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін халықаралық іскери іс-шараларда қолданылады.

Ілеспе аударманың жүйесі бірнеше құрамалардан тұрады - аудармашылар тетігі, құлаққап және ілеспе аудармашыларға арналған микрофон, дабыл таратушылар, жеке қабылдағыштар, тыңдаушыларға арналған дербес құлаққаптар, аудармашылар кабинасы.

Дыбысты өткізбейтін кабина (аудармашыларға арналған евро кабина)

Егер аудармашылар залда жұмыс жасайтын болса, мұндай шуларды болдырмау үшін, аудармашылар арнайы дыбыс өткізбейтін кабиналарға орналастырылады. Ілеспе аудармашылар көбіне жұп-жұппен жұмыс істегендіктен, ілеспе аудармаға арналған кабиналар екі кісілік болып келеді.

Екі ілеспе аудармашыларға арналған үстел үсті кабиналар

Пластиктен жасалған екі ілеспе аудармашыларға арналған үстел үсті кабина. Бірнеше минут ішінде ілеспе аудармашылардың жұмыс орынын әзірлеуге мүмкіндік береді. Жаңғырықтың және өзге де дыбыстардың болмауын қамтамасыз ету үшін, кабинаның ішкі панельдері дыбыс сіңіргіш материалдан жасалған. Олар бүктеліп, 60х60 шаршыны құрайды. Биіктігі - 60 см, ені – 120 см.